Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Біржан сал ауданында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ТЖД сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға маусымның 2-де сағат 19:16 шамасында Қаратал ауылынан екі шақырым жердегі жасанды қазаншұңқырында (көлемі 10х15 метр жол жөндеу жұмыстары кезінде пайда болған) болған.
«2005 жылғы баланың денесін ауыл тұрғындары алып шықты. Куәгерлердің сөзінше, бала рұқсат етілмеген орында суға шомылу кезінде батып кеткен. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, Біржан сал аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері суға шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жарақталмаған орындарда суға шомылуға болмайтындығын ескертеді. Ата-аналарға балаларды жалғыз көлге шомылуға жібермеуді ұсынады.
- 63-ті еңсерген ардагер бильярдшылар өзара мықтыны анықтауда
- Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
- Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
- Ақтауда теңіз жағасынан үлкен игуана табылды
-
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады
-
Ақтауда екі жүкті әйел жол апатынан зардап шекті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам