Ақмола облысында 130 мыңға жуық бала жазғы лагерьде демалады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында 130 мыңға жуық бала жазғы лагерде демалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні өңірде 10 мемлекеттік балалар лагері бар.

Оның ішінде «Звездный» және «Чайка» балаларды сауықтыру лагері сенімгерлікке берілген. Биыл алғаш рет коммуналдық меншік аясында Зеренді ауданында «Сұңқар» сауықтыру орталығы жұмыс істей бастайды.

Жаз бойы жеті ауысым ұйымдастырылады, оның базасында 2500 баланы демалыспен қамту жоспарланған.

Ақмола облысында орналасқан лагерьлердің жобалық қуатына сәйкес қала сыртындағы демалыспен 11 мың оқушыны қамтылады.

Жалпы, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарламаса, биыл лагерьлер өткен жылдағыдай 25-30 пайыздың орнына 100 пайыз толық қуатында жұмыс істейтін болады.

«Ақмола облысында түлектерді есептемегенде барлығы 133 мың оқушы бар. Биылғы Балалар жылы аясында 129 мыңнан астам баланы демалыспен қамтамасыз ету жоспарланған. Қала сыртындағы, мектеп жанындағы және аз шығынды демалыс түрлерімен 88 мың бала қамтылады. Өңірдегі жазғы лагерлерде балалардың толыққанды демалуына барлық жағдай жасалған. Мәдени-бұқаралық сауықтыру бағдарламалары мен түрлі спортық жарыстар өткізу, театрландырылған қойылым және бейнефильмдер көрсету жоспарланған. Сондай-ақ, спорттық алаң, жабық клуб, жағажай сияқты балалардың әсем табиғат аясында демалуы үшін қажетті нысандар бар», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында жүзден аса мектепте санитарлық талаптар сақталмағаны үшін 120 адам жауапқа тартылған болатын.


Соңғы жаңалықтар