Ақмола облысында 13 жасар жасөспірім жоғалып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 13 жасар жасөспірім Әйгерім Еркінқызы Хайдароваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгініп көмек сұрған.

Әйгерім 20 тамызда сағат 15:00 шамасында қызы Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен. Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі, қайда жүргені белгісіз.

Әйгерім Хайдарова 2007 жылы туған. Бойы 156-160 см, дене бітім арықша келген. Үстіне күләпарасы бар күміс түсті күртке (суретте), қара түсті күртеше, көк түсті джинсы, ақ түсті спорттық аяқкиім (кроссовка) киген.

Полиция жоғалған жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір мәліметті білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар