Ақмола облысында 1136 өтініш бойынша мүлікті жария ету туралы шешім қабылданды - Т.Бөлтенов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» мақаласында айтылған міндеттер Ақмола облысында да ойдағыдай жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов айтты.

Оның айтуынша, «100 қадам» Ұлт жоспары аясында мүліктер мен ақшалай қаражаттарды жария етуді оңайлату міндеті белгіленген еді. Қаржы министрлігі бұл міндетті орындау үшін жария ету акциясын мейлінше жеңілдету жағына қайта қарастыратын жаңа заң жобасын әзірлеген болатын.

Аталған Заңға сәйкес, Ақмола облысы аумағында да мүлікті, ақшаны, құнды қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін жария ету науқаны ойдағыдай жүргізіліп келеді.

«Жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, облыс бойынша науқан басынан бастап ағымдағы жылдың 25 наурызы аралығына дейін жалпы сомасы 13 798,6 млн. теңгеге 1678 өтініш келіп түскен, оның ішінде тұрғын үй объектілері бойынша 1100, тұрғын үйге жатпайтын объектілер бойынша 2117 өтініш бар.

Целиноград ауданында - 734, Көкшетау қаласында - 330, Бурабай ауданында 224 өтініш келіп түскен.
Бүгінгі күні жалпы сомасы 8 837,5 млн. теңгеге 1136 өтініш бойынша мүлікті жария ету туралы шешім қабылданды, оның ішінде тұрғын үй объектілері - 788, тұрғын үйге жатпайтын объектілер - 1500.

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жалғыстырып жатыр.

Алдағы уақытта, заңнамаға сәйкес, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін аудандық комиссиялар облыстағы мүлікті жария ету науқанын жүргізу бойынша жұмыстар жалғастыратын болады», - дейді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар