Ақмола облысында 11 жасөспірім наркологиялық есепке алынған
2017 жылғы 29 маусым 15:47

Ақмола облысында 11 жасөспірім наркологиялық есепке алынған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 11 жасөспірім наркологиялық есепке алынған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері есірткі саудасының жолын кесу мақсатында жыл сайын жергілікті жастар ұйымы мен жасөпірімдердің қатысуымен түрлі жедел алдын алу шараларын жүзеге асырып келеді.

Соңғы кездері бұл шаралар оң нәтиже беруде. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері облыста барлығы 793 адам наркологиялық диспансерде есепке алынған. Нашақорлардың ішінде 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жағдайдың сәл жақсарып келе жатқандығын білдіреді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде облыста 19 нашақор жасөспірім тіркелген болатын.

Нашақорлықты алдын алу бағытында «Нашақорлыққа қарсы бағыттағы ең үздік видеосюжет» байқауы ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысына сай Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы балалар мен жасөсіпірмдер орталығының оқушылары жеңімпаз атанды. Бар-жоғы 4 минутке созылатын роликте Екатерина Анохина, Камила Атабаева және Кирилл Миллер есірткі қолданудың адам ағзасына тигізетін зияндарын кеңінен түсіндіріп берді.

Ал, «Мен өмірді таңдаймын» аталымында Зеренді ауданының Приреченский орта мектебінің оқушылары, «Жарқырап өмір сүр» аталымы бойынша Есіл ауданындағы Заречное орта мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды. Жеңімпаздардың барлығына Алғыс хаттар тапсырылды.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT