Ақмола облысында 11 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 11 жасар бала «КамАЗ» жүк көлігінің астына түсіп мерт болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға 11 сәуір күні Целиноград ауданының Қараөткел ауылында орын алған. 

«Тексеріс барысында анықталғандай «КамАЗ» жүк көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолдың үстінен жүгіріп шыққан баланы байқамай басып кетті.  Жасөспірім алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сол сәтте көлік жүргізушісі сау болған», дейді полицейлер.
Қазіргі кезде, ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ,  бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар