Ақмола облысында 11 донорға төсбелгі табысталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұңғыш рет Донор күні 11 донор «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық қан орталығында Дүниежүзілік донор күніне орай ұйымдастырылған шараға аталмыш медициналық мекеменің бас дәрігері Сәкен Қалымжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

null

«Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен  донорларға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі тапсырылып отыр. Адам өмірі үшін араша түсуге әрдайым дайын тұратын донорларға алғыс білдіремін», - деді  бас дәрігер.

null

Олардың арасында көкшетаулықтар Мақсат Құлжанбеков, Владимир Пруд, Ерден Жантасов, Наталья, Елена Белан, Егор Филиппов, Сансызбай Көлбаев, Дмитрий Панковец, Снежана Милашенко, Сергей Тыщенко, Ляззат Хаметовалар бар.

null

Сонымен қатар, Асқар Нұртазин, Дмитрий Тоболько, Олег Каспарян, Николай Колесников, Қайрат Баянов, Галина Надина тәрізді азаматтар облыстық қан орталығы бас дәрігерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Ең алғаш рет студент кезімде қан тапсырдым. Кейін бірнеше рет қан тапсырып, тұрақты донор атандым. Қан тапсыру адамның  өмірін сақтап қалуға ғана емес, гуманизм, мейірімділікке тәрбиелейді», - дейді 30 жылға жуық уақыт қан тапсырып келе жатқан донор Асқар Нұртазин.

nullnull

Жалпы, қазіргі таңда Ақмола облысының орталығында 500-ден астам донор тіркелген.  

Соңғы жаңалықтар