Ақмола облысында 1038,7 мың тонна шөп дайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының пішеншілері қысқа шөп әзірлеу жұмыстарына қызу кірісті. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл облыс бойынша 1038,7 мың тонна, яғни бір жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 201,4 мың тонна шөп әзірленіп, маяларға салынған.

«Қазіргі кезде қолда бар мал үшін қажетті бір жылдық жем-шөп қорының 31,5 пайызын дайындап үлгердік. Биыл шабындықта шөп шүйгін болып тұр. Әзірге жоспарланған жем-шөп қорының 37 пайыздан астамын әзірлеп үлгерген Шортанды және Целиноград аудандарының пішеншілері көш басында келеді», - дейді А.Қалжанов.

Соңғы жаңалықтар