Ақмола облысында 100 тонна шөп өртеніп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында 105 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт 2 қыркүйекте кешкі сағат 21:36 шамасында Степногор қаласынан 15 шақырым жердегі Қырыққұдық ауылында болған.

«Өрттен 105 тонна шөп жанып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 4 қыметкер мен 1 техника, жергілікті атқару органдарынан 5 адам және 1 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 5 жұмысшы және 1 техника, ауылдың 20 тұрғыны жұмылдырылды. Өрт келесі күні таңғы 06:30 ауыздықталып, сағат 08:45 сөндірілді», - деп түсіндірді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар