Ақмола облысында 100 полиция қызметкері баспаналы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучинск қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арнап салынған 100 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Салтанатты шараға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов, Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин, Бурабай аудандық ІІБ жеке құрамы жəне тұрғындар қатысты.

"Ақмола облысында соңғы 10 жылдың ішінде 230 полиция қызметкері мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған. Оған қоса жедел-тергеу бөлімшелерінің 250 қызметкері пəтер жалдап тұрғаны үшін өтемақы алады", деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы күні Щучинск қаласында Бурабай аудандық ІІБ жаңа әкімшілік ғимараты мен 20 қызметтік автокөліктің кілттері пайдалануға берілді. Сонымен қатар, кавалериялық взвод пен қоян-қолтық ұрыстан ҚР ІІМ  чемпионатының ашылу рəсімі өтті. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар