Ақмола облысында 100 мыңға жуық адам емханаларға тіркелді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 18 қарашасы аралығында 96 981 адам емханаға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Ақмола облыстық филиалы таратөан хабарламаға қарағанда, ақмолалықтардың көпшілігі өздері таңдаған емханаларға барып тіркелсе, 71 адам еgov.kz порталы арқылы онлайн тіркеу қызметін таңдаған.

Алдағы уақытта емхананың тіркеу бөлімдері арқылы тіркелу тоқтатылады. Бұл шешім жүйелі проблемаларды жойып, қызметін асыра пайдалану және фальсификация фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

«Бұған ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. Біріншіден, тіркелу үшін емханаға аяқтай барып үйренген азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жүгіне алады. Аталған орталықтарда Connection Point бөлімшелері бар, олар egov порталына қосылған. Сол жерде арнайы кеңесшілер отырады. Екіншіден, еgov.kz жуырда Telegram ботын іске қосты. Смартфонның көмегімен осы бот арқылы бірер минутта тіркелуге болады. Үшіншіден, қазір өзіңізді ғана емес, балаларды да онлайн режимде тіркеуге мүмкіндік туды. Жүйе барлық мәліметтерді қысқа мерзім ішінде, автоматты түрде шығарып береді. Бұл процесті барынша жеңілдетеді әрі артық құжат талап етілмейді», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков.

Белгілі болғандай биылғы жылы науқанға 25 медициналық ұйым тартылса, оның екеуі бірінші алғаш рет қатысып отыр. Олар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа келер жылдан бастап көмек көрсете алады.

Тіркеу науқаны - емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе МСҚ-мен келісімшартты бұзса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда басқа емханаға ауысуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар