Ақмола облысында 100-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктемгі ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың 100-ден астам елді мекенін су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аумақтық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың мәліметінше, облыстың 17 ауданындағы 100-ден астам елді мекен көктемгі ықтимал су тасқынына қауіпті аумақта орналасқан. Бұл елді мекендерде 13 мыңнан астам адам тұрады. Сонымен бірге, су басу қаупі бар аймақта 74 автомобиль және 4 темір жол учаскелері бар. Өңірде мұз жару, қар шығару және су ағатын каналдық жүйелерді ретке келтіру, инертті материалдар қорын жасау, су өткізу құбырын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Аудандар мен қалалар бойынша 227 тонна жанар-жағар май (2021 – 273 тонна), 12,7 мың тонна инертті материал (2021 – 6,8 мың тонна), 70,8 мың қап (2021-66,7 мың дана) әзірленді. Сонымен бірге, 2153 адам, 983 бірлік техника, 151 мотопомпа, 35 жүзу құралдары даярланды. Су тасқыны бола қалған кезде төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 445 адам, 84 техника, 12 жүзу құралдары және 97 мотопомпа жұмылдырылады. Су тасқыны күшейер болса, төтенше жағдайлар департаментінің қосымша күштері мен құралдарын көшіру жоспарлануда. Сондай-ақ басқа облыстардан көмекке адамдар тарту жоспарланған», - деді Қанат Доспаев.


Соңғы жаңалықтар