Ақмола облысында 100-ден астам блокпостың 70-і жұмысын жалғастырады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 100-ден астам блокпостың 70-і жұмысын жалғастырады. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Мысырәлімованың айтуынша, өңірде карантин режимі толық алынбағанына қарамастан, бүгіннен бастап көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Дүкендердің біразы ашылып, сəн салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жандана түскен. Шағын жəне орта бизнес, ірі кәсіпорындар жаңа ережелерге сəйкес жұмыс істеуде.

«Əлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде маска тағып жүру – қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Төтенше жағдайға байланысты ашылған 100-ден астам блокпостың 70-і жұмысын жалғастырады. Бұл – біздің облыс тұрғындарының денсаулығы үшін қажет. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтың жұмысы да жалғасады. Облыста 20 мың адамға тест жасалды, олардың барлығы да теріс нəтиже көрсетті», - деді әкім орынбасары.

Осы ретте, ол барша ақмолалықтарды карантин тəртібіне шыдамдылық танытып, сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Сонымен қатар, брифингте облыстың бас санитарлық дəрігері Айнагүл Мусина карантин режимінің сақталуына байланысты жаңадан қабылданған қаулының талаптары туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар