Ақмола облысында 1 жасар сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында белгісіз жағдайда көз жұмған 1 жасар сәбидің өліміне байланысты кешенді тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау депараменті басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Мусина айтты.

Наурыздың 5-нен 6-на қараған түні жедел жәрдем қызметі тіркеген 2018 жылы туған сәбидің өлімі бақылауға алынған. Сәби аяқ астынан көз жұмған. Нақтылы өлімнің себебін анықтау үшін ішкі істер органдары тарапынан сот - медициналық сараптама жүргізілуде.

«Белгілі болғандай, сәби наурыздың 5-і күні жоспарлы екпе алған. Қазіргі кезде, эпидемиологтар жоспарлы екпе жүргізілген емханада жоспардан тыс тексеріс жүргізуде. Сәбиге екпе тәртіпке сәйкес жүргізілген. Екпе салынардың алдында сәбиді дәрігер тексерген және екпеге қарсы ешқандай көрсеткіш анықталмады. Әжесінің де жазбаша келісімі бар. Екпені білікті медбике салған және медициналық қадағалу жүргізілген. Нәтижесінде сәбиге екпенің ешқандай әсері болмаған»,- дейді Айнагүл Мусина.

Оның айтуынша, екпенің қолдану және сақтау мерзімінде ешқандай заңбұзушылық болмаған.

«Екпе 2018 жылдан бері қолданыста, осы күні 2500 бала осы екпені алған және олардың бреуінде де екпе алу кезінде асқыну болған жоқ. Бұл оқиғаның екпе егуге еш қатысы жоқ. Сәбидің нақтылы өлімі сот-медициналық сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін хабарланады», - деп толықтырды Айнагүл Мусина.

Соңғы жаңалықтар