Ақмола облысында 1-ші сыныптың үш оқушысы өзенге батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1-ші сыныптың үш оқушысы өзенге батып кетті.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның тілшісіне ТЖД кезекшілік бөлімі хабарлады.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай бүгін таңертең Астрахан ауданында орын алған.

«Бүгін 12:30 шамасында Астрахан ауданындағы ТЖБ кезекшісінен шұғыл ақпарат түсті. Онда Зареченко ауылының 1-ші сыныпта оқитын үш оқушысы Колутон өзеніне батып кеткені айтылған. Алдын ала болжам бойынша 2008 және 2009 жылы туған оқушылар көрші Ескі Колутон елді мекенінен өз ауылдарына Колутон өзені арқылы өтіп келе жатқан кезде мұз опырылып кеткен көрінеді. Қаза болған оқушылардың үшеуі де ер бала. Қазіргі кезде, оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар