Ақмола облысында 1 миллион теңге жымқырған медбике ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеке медициналық мекемеден 1 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған медбике ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 26-да Целиноград аудандық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне Ақмол ауылының 26 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Әйелдің сөзінше, белгісіз біреу сәуірдің 7-26 күндері аралығында жеке медициналық мекеме есігінің кілтін ашып кіріп, сейфтен 1 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», - деді ведомстводан.

Жедел іздестіру шарасы барысында арыз иесінің өзі ақшаны алып, екі ай бойы жұмсағаны, кейін ауырып қалғаны анықталды. Жұмысқа шыққан соң ол өз қылмысын жасыру үшін полиция жалған арыз берген. Әйел қылмысын мойындады.

«Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 419 бабы «жалған мәлімет беру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды.


Соңғы жаңалықтар