Ақмола облысында 1 мамырға дейін ауыр жүк көліктердің қозғалысы шектелді

None
Фото: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 1 мамырға дейін бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін өңірдің автомобиль жолдарында шектеу енгізілді және ол 2023 жылғы 23 наурыздан 1 мамырға дейін күшінде болады.

«Ауыр жүк көлігінің қозғалысы бойынша шектеулер халықаралық тасымалдарға, сондай - ақ жол құрылысына қажетті және төтенше жағдайлардың алдын алу немесе жою үшін қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек және жүктерді тасымалдауға қолданылмайды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен өңірлік көліктік бақылау инспекторлары бірлесіп, автомобиль жолдарындағы ауыр жүк көлігі қозғалысына мониторинг жүргізуде.

«Мониторинг барысында мамандар жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасы мен тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптардың сақталуын бақылайды. Сондай - ақ, көлік құралдарының салмағы мен олардың габариттік өлшемдері өлшенеді», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, Астана маңындағы автожолда 4 адам қаза болды.


Соңғы жаңалықтар