Ақмола облысында 1,8 мыңнан астам бизнес жоба қолдау тапты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары ұлғайып келеді. Осы ретте, өңірде «Бизнестің жол картасы-2025» және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, өңірде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 166,3 миллиард теңгенің 1 592 жобасы мақұлданды. Өткен жылы «Бизнестің жрол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 329 жобаға қолдау көрсетілді. Қолдаудың негізгі түрлері субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, өндірістік инфрақұрылым жүргізу болып табылады. «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын қатысушыларға шағын бизнес ашу, ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін шағын несие беру көзделген.
«Облыста «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру барсында жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгеге 290 жоба, оның ішінде өткен жылы 451,5 миллион теңгеге 48 жоба қаржыландырылды. Биыл шағын несие бөлу үшін 885 миллион теңге, несиелерді кепілдендіруге 70,9 миллион теңге бөлінді», - деді ведомстводан.
Халық тұтынатын тауарлар, шикізат және бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндіруді қолдауға бағытталған «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде «Родина «Агрофирмасы» ЖШС, «Асыл Арман» ЖШС, «MILK PROJECT» ЖШС, «Kazyna SR» ЖШС, «Авиценна-Бурабай» ЖШС және басқа да кәсіпорындар өз жобаларын іске асырды. Бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Көкшетауда ҚР Халық артісі Жібек Бағысова туралы кітап таныстырылды
- Бизнес ашу үшін ауыл тұрғындарына 50 мың шағын несие беріледі
- Жыл сайын еліміздің ауыл шаруашылығында 80 инвест-жоба іске қосылмақ
- Ақмола облысында жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға 5,7 млн теңге берілді
-
Сотталушы Ақмола колониясына үш телефон мен есірткі өткізбек болды
-
Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған екі жұмысшы құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам