Ақмола облысында 1,5 тонна руда жұмысшыны басып қалды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жұмысшының өліміне әкеліп соққан, еңбекті қорғау ержесінің бұзылуына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы жағдай ақпанның 16-да Заводской кентіндегі тау-кен металлургия зауытының аумағында орын алды. Сағат 16:30 шамасында үгіту аппаратына биг-бэг қабына тиелген салмағы 1,5 тоннаға жуық руданы түсіру кезінде ілмек үзіліп, «SARECO» ЖШС-нің 36 жастағы жұмысшысының үстіне құлағаны анықталды. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына аумақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тиісті сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар