+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды

2021 жылғы 19 қазан 11:00
Бөлісіңіз:
Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылмай жатыр Ақмола облысында жасөспірім танысының атынан 2 кредит алған Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 17-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің Әуезов көшесіндегі аулалардың бірінде шойын люкті ұрлап кеткенін айтты. Шығын сомасы 20 мың теңгені құрады.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы ұрлық жасалғаны анықталды. Камераның көмегімен патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері екі күдіктіні іздестіріп ұстады», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, күдіктілердің бірі Целиноград ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның осы жылдың 16 қазанынан бастап із-түзсіз жоғалғаны анықталды.

«Қазіргі уақытта ұрлық жасау бойынша Қылмыстық кодекстің 188-ші бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT