Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 17-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің Әуезов көшесіндегі аулалардың бірінде шойын люкті ұрлап кеткенін айтты. Шығын сомасы 20 мың теңгені құрады.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы ұрлық жасалғаны анықталды. Камераның көмегімен патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері екі күдіктіні іздестіріп ұстады», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, күдіктілердің бірі Целиноград ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның осы жылдың 16 қазанынан бастап із-түзсіз жоғалғаны анықталды.

«Қазіргі уақытта ұрлық жасау бойынша Қылмыстық кодекстің 188-ші бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар