Ақмола облысына жаңа инвесторлар келуі мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Ақмола облысының ауылшаруашылығы, өнеркәсіп саласына бірқатар шетелдік инвестициялар тартылуы мүмкін.

Бұл туралы облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтың «МОКА» компаниясының үйлестірушісі, Ислам даму банкінің өкілі Мұқареш Кәміл Насыр (Mukharesh Kamel Nassero), «S&-Holding s.r.o.» компаниясының президенті Петер Пазмань (Peter Pazmany), «Sino-American Partners Limited» компаниясының негізін қалаушы әрі Қытайдың 50 ірі металлургиялық кәсіпорынның өкілі Ки Мин (Ke Ming) және олармен бірге келген бірқатар меймандармен кездесу барысында айтылды.

Облыс басшысы өз сөзінде өңірдегі инвестиция көзі қажет жобалар шетелдік инвесторларды қызықтырып жатса, олармен іскерлік байланыс орнатуға дайын екендігін мәлім етті.

Сондай-ақ ықыласты жағдайда өткен кездесуде Көкшетау қаласында құрылысы алдағы уақытқа жоспарланып отырған ЖЭО инвестиция тартудың жолдары мен мүмкіндіктері де қарастырылды.

Айта кетейік, инвесторлардың нақты қай салада жұмыс істейтіндері тараптардың екіжақты келісөздерінен кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар