Ақмола облысына қарасты екі ауылдық округтің атауы өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты екі ауылдық округке қазақша атау берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған аталған өңір әкімдігі мен маслихатының шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті шешіммен енді Ақмола облысы Бұланды ауданының Ерголка ауылдық округі – Тоқтамыс, ал Карамышевка ауылдық округі Шұбарағаш болып өзгертіледі.

«Бұл шешім идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау мақсатында ұсынылды», - деп түсіндірме берілген шешімге.

Құжат 29 наурызға дейін ашық талқылауда болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш, Бұланды ауданына енетін бір елді мекеннің атауы өзгеретінін хабарлап едік. Жалпы, былтыр бұл өңірде 11 ауыл мен 90 көшеге қазақша атау берілді.

Соңғы жаңалықтар