Ақмола облысына 120 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 120 млрд теңгеден астам шетел инвестициясына 10 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысына тартылатын инвестиция көлемі жылдн жылға артып келеді.

«Шетелдік инвесторлардың қаржысы арқылы алдыңғы қатарлы технологияны меңгеру, экономиканы белсендендіру, жұмыспен қамту деңгейін көтеру, қазіргі замаңғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру және өңірлердің дамуын жеделдетуге мүмкіндік туып отыр. Осы ретте, Ақмола облысы Нидерланды, АҚШ, Ресей, Түркия және Израиль елдерімен әріптес», - дейді ведомстводан.

Нақтырақ айтсақ, голландиялық инвестор қазақстандық әріптестерімен өңірде 40,7 млрд теңгенің инвестициялық жобасы - жел электр стансасы құрылысын жүзеге асыруда. Стансаның қуаты - 100 МВт. Жоба 20 адамға арналған.

«АҚШ компаниясымен бірлесіп жабық бассейінде албырт балығын өсіру қолға алынбақ. Бұл жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Жобаның жылдық қуаты 500 тоннаны құрайды. Түркиялық инвестормен гофрокартон қағазынан қораптар шығару жоспарда бар. Жоба құны 40 млн АҚШ доллары шамасында. Израильдік инвестормен қаз және албырт балықтарын өсіретін ферма ашу қарастырылуда. Фермада жылына 10 мың тонна қаз еті өндірілетін болады. Бұл екі жобаның жалпы құны 100 млн АҚШ долларын құрамақшы», - деп толықтырды ведомстводан.

Сонымен қатар, ресейлік компаниялармен әріптестік бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру қарастырылып отыр. Оның ішінде қуаты 100 МВт күн энергия стансасы, трактор, арнайы техника, егіс кешендерін құрастыру зауыты бар.


Соңғы жаңалықтар