Ақмола облысы: Туризм басқармасының басшысына қатысты іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікпен Ақмола облыстық туризм басқармасы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы бюджет қаражатын талан-таражға салды деп күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті басқарма басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу үстінде», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Хабарланып отырғандай, басқарма басшысы жалған акті толтыру жолымен 2018 жылдың қараша айында кәдесый өнімдерін сатып алуға бөлінген 8,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар