Ақмола облысы тауар сапасын бақылау департаментінің басшысы ауысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Айнагүл Советқызы Мусина Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айнагүл Советқызы Мусина 1974 жылы туған. Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын гигиена, санитария және эпидемиология мамандығы бойынша, «Фемида» заң институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. «Жалпы гигиена» мамандығы бойынша жоғары санаттағы дәрігер.

Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында тамақ гигиенасы бойынша санитариялық дәрігер, 2000 жылы бөлім меңгерушісі болып бастаған.

2001 жылы Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында санитарлық дәрігер, 2001-2003 жылдары өңдеу кәсіпорындарын қадағалау бөлімінің бас маманы, 2005-2009 жылдары бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

2009-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің коммуналдық нысандарды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, 2014 жылдың желтоқсанынан Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде бөлім басшысы, 2015 жылдың ақпанынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, 2017 жылдың 3 сәуірінен қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының санитариялық-гигиеналық мәселелері бойынша орынбасары қызметтерінде болды.

Түрлі халықаралық және мемлекеттік наградалармен марапатталған. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Ең үздік санитарлық дәрігері атанған.

Соңғы жаңалықтар