Ақмола облысы Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ШОРТАНДЫ. ҚазАқпарат - Ғайдар Қасенов Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шортанды ауданы активіне жаңа әкімді таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов аудан әкімі болып тағайындалды.

Ғайдар Қасенов 1976 жылы туған. Ақмола облысы Атбасар ауданының тумасы. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, Халықаралық Бизнес Академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастады. 2001-2006 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімі орынбасары, одан кейін әкім лауазымдарында қызмет атқарды.

2008-2015 жылдары – «Қазтеміртранс» АҚ корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті.

Осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қалалық «Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар