Ақмола облысы өңiрлiк өнiм көлемi бойынша көш басында

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы өңiрлiк өнiм көлемi бойынша республикада көш бастап тұр.

Бұл туралы Ақмола облысының әкiмi С.Кулагиннiң төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысында облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Б.Мәлғаждаров баяндады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Биылғы жылы Ақмола облысының ауылшаруашылығыжалпы өнiмiнiң көлемi 94,4 миллиард теңгенi, нақты көлемнiң индексi - 114,5 пайыз құраған.

 «Бүгiнгi күнi Астана қаласының айналасындағы азық-түлiк белдеуі аясында 8,9 миллиард теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның iшiнде жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеге 2 жоба жүзеге асырылды», - деп атап өттi Б. Мәлғаждаров.

Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары Астана базарына апаратын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемiн ұлғайтуда, - дедi баяндамашы.

Бүгiнде облыс бойынша астықты бастыру 2,8 миллион гектар алқапта жүргiзiлген немесе 65,6 пайыз. Жалпы өнімділік гектарынан 13 центнерден айналуда. Науқан облыс бойынша қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Одан өзге, жиналыс барысында жеке шаруашылықтар базасында өндiрiстiк кооперативтердi құру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесi де көтерiлдi.

Басқосу соңында аймақ басшысы уәкiлеттi органдарға ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердi тиiмсiз пайдалану немесе мүлде пайдаланбау бойынша заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыру туралы тапсырма бердi.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар