Ақмола облысы өнеркәсіп өнімі бойынша 2015 жылы республикада 1- орынға шықты - С.Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы өнеркәсіп өнімі бойынша 2015 жылы республикада 1 орынға шықты. Бұл туралы бүгін «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері» туралы халық алдында есептік кездесуінде аймақ басшысы мәлім етті.

Оның айтуынша, Индустрияландыру картасы аясында өңірде 6 мыңнан астам жұмыс орны құрыла отырып, 166 миллиард теңгенің 60 жобасы жүзеге асырылған.
«Бұл жобалардың 43-і дайын өнеркәсіп өнімдерін шығаруға бағдарланған болса, 26-ы жоғары бағалы өнім. Инновациялық жобалар есебінен инновациялық белсенділік деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздан 7,3 пайызға өсті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны 18 есе артып, 92 бірлікті құрады. Түсті металлургия, құрылыс индустриясы, химиялық, азық өнеркәсібі кәсіпорындарымен өндіріс өсімі қарқындарының артуы өнеркәсіптің жалпы көрінісінде көрінді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 313,5 миллиард теңгені құрады. Жалпы көлем индексі 106,9 пайыз болды. Бұл республика облыстарының рейтингінде 1-ші орынға алып шықты», дейді облыс әкімі.
Аймақ басшысы бұл жетістіктерді алтын өндіруші кәсіпорындармен 20,8 тонна алтын өндіріліп, 80,1 пайызға өскенімен, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» ТМК» АҚ өндіріс көлемінің артуымен және «Райгородок» ЖШС өндірістік қуатының кеңеюімен байланысты деп отыр.
Сонымен қатар, «Астана-Агропродукт» ЖШС, «КМЗ «Молоко Синегорья» ЖШС, «Milk Project» ЖШС кәсіпорындарының өндіріс көлемдері артуы есебінен ет өндіру 50,6 пайызға, өңделген сүт пен сары май 1,5 есе көбейген.
Өнеркәсіп өнімінің қосымша көлемдері «КЗ «Вектор» ЖШС кәсіпорындарын қамтамасыз етіп, комбайн өндірісінің көлемін 194 бірлікке дейін арттырған. Ал, «Astana-Nan Chemicals» ЖШС химиялық препараттарды өндіру көлемінің өсімі 168,9 пайызды құрады. 2015 жылы Индустрияландыру картасы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлем үлесі 32,4 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар