Ақмола облысы неліктен «қызыл» аймаққа өтті - департамент түсінік берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің «қызыл» аймаққа өтуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 9 желтоқсанында Ақмола облысы «қызыл» аймаққа ауысты. Мұндай көрсеткіш эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы зертханалық расталған COVID-19 (U07.1) жағдайларынан ғана емес, сонымен қатар U07.2 вирустық пневмониясына байланысты қалыптасып отыр. Соңғы тәулікте осындай 26 жағдай тіркелді, бұл «қызыл» аймаққа өтуге әсер етті», - деп атап өтті облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде эпидемиологиялық жағдай бақылауда тұр.

«7 күн ішінде КВИ шалдығу көрсеткішіне мониторинг жүргізіледі және COVID-19 және вирустық пневмониямен зертханалық расталған сырқаттану өскен жағдайда ғана карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданады. Ал әзірше карантинді шектеу 7 күн ішінде «сары» аймақтың талаптарына сәйкес жүргізіледі», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар