Ақмола облысы мен БАӘ екіжақты меморандумға қол қойды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бастаған ақмолалық делегация жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапардың мақсаты - өңірге инвестиция тарту, тауар өндірушілердің эспорттық әлеуетін арттыру. Сапар барысында облыс әкімі Мәлік Мырзалин әмірліктің басшысы, шейх Сауд бен Сакром аль Касимимен кездесті. Кездесуде Ақмола облысы мен Рас аль-Хайма әмірлігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «РАС» сауда-өнеркәсіп палатасы, «Есіл» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» және «Rakez» арнайы экономикалық аймағының әкімшісі арасында әріптестік туралы екжақты келісімшарт жасалды.

Осы келісімшарт аясында бидай дақылдарын терең өңдеу, бидай және ұн, ет және ет өнімдері өндірісі мен экспортын дамыту, сондай-ақ Ақмола облысына Біріккен Араб Әмірліктерінен туристерді тарту жоспарда бар.

Айталық, 2017 жылы Ақмола облысы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасында сыртқы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 5 есеге, 2018 жылы 61 пайызға артқан. Бүгінгі таңда Ақмола облысынан Біріккен Араб Әмірліктеріне отандық өнімдер экспортталуда. Алдағы уақытта ет және астық өнімдерін жеткізу жолға қойылатын болады. Қазірдің өзінде Атбасар ауданынан 800 тонна ұн экспортқа шығарылған. Араптар біздің облыста шығарылатын ұнды жоғары сапалы, экологиялық жағынан таза өнім екенін айтуда.
null

«Сапар кезінде ақмолалық делегация «Джулпар» фармацевтикалық зауыты және «РАК Керамик» өндірістік нысанында болды.

Сонымен қатар, осы күндері Ақмола облысының танымал шығармашылық ұжымы, халықаралық және республикалық би фестивальдерінің лауреаты «Гәкку» би ансамблі Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында өтіп жатқан «Қазақтың мәдени мұрасы апталығына» қатысуда. Ал, Дубай қаласында «GulFood - 2019» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Онда өңіріміздегі «INTER TRADE» және «Астана Агро Продукт» серіктестіктері тәрізді ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет және ұн өнімдерін ұсынуда», дейді баспасөз қызметіндегілер.

null

Соңғы жаңалықтар