Ақмола облысы: Қатты аязға байланысты ертең де барлық сыныптарда сабақ болмайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қатты аязға байланысты қаңтардың 23 күні барлық мектептердегі 1-11 сыныптарда сабақ болмайды.

Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы смс ескерту хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД таратқан мəліметке қарағанда, ертең облыс аумағында минус 33-38 градус аяз болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар