Ақмола облысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне дайындалу үстінде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен аппарат кеңесі өтіп, онда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне облыстың дайындығы сөз болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.

Аппарат кеңесінде аймақ басшысы елiмiз үшiн өте маңызды iс-шара, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне орай Астаналық облыстың да абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына зор көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Оған қоса, өңiр басшысы Щучинск қаласын да абаттандыру мәселесiне де тоқталды. Биылғы жылы аталмыш аудан орталығын абаттандыру және жол құрылыстарын жүргiзу жұмыстарына облыстық бюджеттен 70 миллион теңге қаражат бөлiндi.

«Жыл сайын туристiк маусым кезеңiнде Бурабай аумағына жан-жақтан мыңдаған қонақ келедi. Сондықтан бұл мәселеге атүстi қарамай, жұмыстарды белсендiру керек», - дедi әкiм.

Жиналыста облыс әкiмi өндiрiс саласындағы жекешелiк әрiптестiк аясында iске қосылып жатқан әлеуметтiк нысандардың барысына да көңiл бөлдi. Облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы басшысының м.а. Е. Оспановтың айтуынша биылғы жылы 3 мың жұмыс орнын құратын, ортақ сомасы 95,6 млрд.теңгенiң 90 инвестициялық жобасы енгiзiлмек екен. Оның 8-i қолданысқа берiлген. Өңiр басшысы бұл жобалардың барлығын өз жоспарлы уақытында аяқтап, пайдалануға берудi тапсырды.

null

Соңғы жаңалықтар