Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Нұрлан Ахильбеков негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ахильбекұлы 1968 жылы Атбасар қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша-дәрігер. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Словакия Республикасындағы «Danubius» университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Арқалық қаласындағы Торғай облыстық ауруханасында дәрігер-реаниматолог болып бастаған.

1996 жылдан 2002 жылға дейін «Перзентхана» ММ, Арқалық қаласы және «Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК, Көкшетау қалалық дәрігер-анестезиолог болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Петропавл қаласының денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарында болды.

2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ ЖМК басқарды. 2013 жылғы шілдеден 2017 жылғы шілдеге дейін «Республикалық санитарлық авиация орталығы» ШЖҚ РМК директоры және директордың орынбасары лауазымын атқарды.

2017-2020 жылдары «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры болды.

2020-2021 жылдары – «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі» шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы, 2022 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында-Степногорск қаласындағы «Viamedis» ЖШС филиалының директоры қызметінде болды.

Айта кетсек, Ақмола облысының жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар