Ақмола облысы: дауыс берушілердің белсенділігі қуантып отыр - ЕҚЫҰ байқаушысы Алес Якубек

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Дауыс берушілердің белсенділігі қуантып отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Ақмола облысы Ақкөл ауданы бойынша өтіп жатқан сайлауда халықаралық байқаушы ретінде қатысып отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблеясының өкілі, чехиялық байқаушы Алес Якубек айтты.

«Қазақстан - тек тарихи және мәдени тұрғыда ғана емес, дипломатиялық қарым-қатынаста да Чехияның маңызды серіктестерінің бірі болып саналады. Сол себепті біз әрқашанда Қазақстан Республикасындағы демократиялық қағидаларға негізделген тұрақтылықты қолдай беретін боламыз. Бүгін таңертеңнен Ақкөл ауданының Еңбек ауылындағы № 120 сайлау учаскесінде өтіп жатқан шараға халықаралық байқаушы ретінде қатысып отырмыз. Өз басым Ақкөл ауданында сайлау науқанының да өз деңгейінде өткізіліп жатқандығының куәсі болдым. Сайлау учаскесі ашылған сәттен дауыс беруге асыққан халықтың қарасы көп болды. Әсіресе, біздерді дауыс берушілердің белсенділігі қуантып отыр», деді Алес Якубек.
Сонымен қатар ол қазақстандықтардың саяси мәдениеттілігін де ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар