Ақмола облысы Бұланды ауданының жаңа әкімі тағайындалды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен депутаттар ауданға жаңа әкімді тағайындауға келісім бергендігі туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімі негізінде Еспергенов Қуандық Хайдарұлы Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды.

Қуандық Хайдарұлы Еспергенов 1970 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 1996 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Рудный индустриалды институтын, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша Қостанай әлеуметтік академиясын бітірді.

Еңбек жолын Жітіқара ауданы Дзержинский атындағы кеңшардың механикалық тоқта жұмысшы болып бастады. 1988 жылғы қараша мен 1990 жылғы қараша аралығында Кеңес Әскерінің қатарында әскери борышын өтеді. 1996 жылғы қыркүйек айы мен 1997 жылғы тамыз айының кезеңінде Жітіқара қаласында халық шаруашылығы нысандарының қызметін үйлестіру басқармасында бас маман лауазымын атқарды. 1997 жылғы тамыз айынан бастап 1998 жылғы мамыр аралығында - Жітіқара аудандық пошта байланысы торабының бастығы, 1998 жылғы мамыр-желтоқсан кезеңінде - Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, 1999 жылғы маусым мен 2002 жылғы маусым аралығында - «Жітіқара политехникалық колледжі» МКҚК коммерциялық директоры, 2002 жылғы маусым-шілде айларында Жітіқара ауданы Чайковский ауылдық округі әкімнің міндетін атқарушы және әкім лауазымын атқарды.

2002 жылы шілде мен 2008 жылғы қараша кезеңінде Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, 2008 жылғы қараша мен 2013 жылғы маусым аралығында Жетіқара ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2014 жылғы қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Қостанай облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медальдарымен наградталды.

Соңғы жаңалықтар