Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметке жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Онда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының жаңа басшысы Арман Рахимовты таныстырды.

Арман Рахимов Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 1999 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде қаржы полициясы органдарында жедел және тергеу бөлімшелерінің түрлі лауазымдарында, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Өзінің соңғы тағайындалуына дейін А.Рахимов Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары болды.

Кеңес барысында тараптар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік органдармен одан әрі жемісті ынтымақтастығына дайын екендіктерін білдірді.


Соңғы жаңалықтар