Ақмола облысы бойынша сайлауалды науқанына 20 штаб атсалысады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша сайлауалды жұмысқа 20 штаб атсалысқалы отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында өткен брифингте айтылды.

Сонымен қатар брифингте ел Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық қоғамдық сайлауалды штабын құру жұмыстарының басталғандығы да сөз болды.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Астанада өткен партияның ХVІ съезінде нұротандықтардың алдағы сайлауда Президенттікке Елбасын ұсыну туралы шешімі бірауыздан қолдау тапқандығы белгілі. Осыған орай, өңірлерде сайлауалды штабтар құрыла бастады. Ақмола облыстық штабына шамамен 25, ал Көкшетау қалалық штабына 8 адам кіреді деп көзделуде.

Облыстық штабты партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов басқаратын болады. Оның ұйымдастырушылық-партиялық жұмыс бойынша орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихат депутаты Серік Аяғанов, ал қоғамдық-саяси жұмыс бойынша орынбасары А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті, облыстық мәслихат депутаты, филиалдың Саяси кеңес бюросының мүшесі Сағынтай Елубаев, заңгерлік жұмыс бойынша орынбасары партияның Көкшетау қалалық филиалындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сайлаубек Жанашев болмақ.

Жалпы, облыс бойынша сайлауалды жұмысқа 20 штаб атсалысқалы отыр. Президенттікке кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу да көзделуде.

Соңғы жаңалықтар