Ақмола облысы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр - Н.Назарбаев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Бұл туралы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты республикалық форумда сөйлеген сөзінде айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ақмола облысы республика бойынша балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту бойынша (90 пайыз) жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Алдағы келешекте денсаулық сақтау саласының 11 нысанының құрылысын қолға алу жоспарланған.

"Қазақстанның әлемдік дағдарысқа қарсы тұру мүмкіндігі бар. Біз бұл дағдарысты білдік, алдын ала дайындалдық. Бүгінгі мемлекеттің Президенті ретінде менің басты мақсатым - халықтың жұмыспен, тұрақты еңбекақымен және баспанамен қамтамасыз етілуі. Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз. Менің осыған дейін айтқан 5 реформам осы қарапайым халық мүддесі үшін жасалынып отыр. Осы бағытта, индустрияландыру, еңбек өнімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады", - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар