Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ақмола облысы аумағында бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

2022 жылғы 15 қаңтар 12:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боранға байланысты Ақмола облысы аумағындағы жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін сағат 11:45-тен бастап келесідей автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

1. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Щучинск қалалары аралығындағы учаскеде («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы жолдар дирекциясының учаскесі)

2. «Көкшетау-Атбасар» автожолының 0-184 шақырымында, Көкшетау мен Атбасар қалаларының аралығындағы учаскеде.

3. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 997-1247 шақырымында, яғни Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаскеде.

«Апатты жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Қиын жағдайға тап болсаңыздар, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар», - делінген ведомство мәліметінде.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар