Ақмола облысы аумағында 185 гектар орманды алқап өртенді

None
None
КӨКШЕТАУ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орманды алқаптары өртке орана бастады. Соңғы бір ай ішінде ғана жалпы көлемі 185 гектар орманды өрт шалған.

Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14 есеге көбейген. Мамыр айының 2-сі мен 3-і аралығындағы жауған аздаған жауын шашын ғана тілсіз жаудың алдын алуға сеп болуда. Биыл Ақмола өңірі бойынша ылғал аз. Сондықтан қазір облыстық Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын күшейте бастады. Қазір орманды алқаптардың маңына өрт сөндіру көліктері қойылып, кезекшілік кестесі күшейтілді. Әзірше соңғы он күн ішінде болған орман өртінен келген шығын анықталуда.

Соңғы жаңалықтар