Ақмола облысы - Астананың азық-түлік тірегі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы - Астананың азық-түлік тірегі. Республикамыздың экономикасының дамуына Астаналық облыста лайықты үлесін қосып келеді. Осы күні аграрлы облыс Елорданы табиғи сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде көш бастап тұр деуге болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша соңғы жылдары өңірде егіншілікпен қоса, мал және құс шаруашылығының дамуына зор көңіл бөлінуде.

Аграрлық сектор аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің 15 пайызынан астамын өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты міндеттерді орындау «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығының ішкі өнімін өндіру көлемі 263,1 миллиард теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғандағы өсім 2,1 пайыз болды.

Былтырғы жылы көктемгі дала жұмыстары тиісті деңгейде өткізілді. 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75,3 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясы енгізілді. Машина-трактор паркін жоғары өнімді техникамен жаңарту жедел қарқынмен жүргізілуде. 2015 жылы 166 астық комбайны, 287 трактор, 81 егістік кешені сатып алынды. Ауыл шаруашылығы саласының энергиялық жарақтандырылуы 100 гектар алқапқа 124 аттық қуатқа дейін жеткізілді, ол әлемдік стандартқа сай.

Аграрлық сектордағы шаралардың барлық кешенін орындауға мемлекеттік қолдау аясында 16,2 миллиард теңге инвестиция жіберілді, ол 2014 жылғы деңгейден 2 миллиардқа артық. Көктемгі дала және күзгі орақ жұмыстарын өткізуге 5,2 миллиард теңге несиелік қаржы бөлінді.

Осының арқасында облыс диқандары агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізіп, егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнерден 4,7 миллион тонна астық жинап алды.

Облыста ішкі азық-түлік нарығын қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекет және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тарапынан қабылданған қолдау шараларының нәтижесінде мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсімі жыл сайын қамтамасыз етілуде.

2014 жылмен салыстырғанда ірі қара малдың саны 2,8 пайызға, қой, ешкі 0,3 пайызға, құс 15,4 пайызға артқан. Сүт өндіру 2,6 пайызға, ет 10 пайызға, жұмыртқа 33,5 пайызға көбейді.

Мал өсіру мен селекциялық-асыл тұқымды жұмысты жақсартудың заманауи технологияларын енгізу есебінен мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.

Облыста жалпы қуаты 27,6 мың ірі қара мал болатын мамандандырылған бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Оның ішінде инфрақұрылым қуаты 18 мың бас болатын 7 ірі кәсіпорын бар. 2015 жылы 901,0 тонна сиыр еті экспортқа шығарылып, 700 тонна мөлшеріндегі жоспар 128,7 пайызға орындалды.

«Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 сүт-тауарлы фермасы құрылды.

Облыста екі бройлерлі құс фабрикасын енгізудің арқасында («АПП Астраханская птица» ЖШС мен «Capital Project Ltd» ЖШС) облыста құс етін өндіру 88 пайызға артты (2014 жылы - 4,1 мың тонна, 2015 жылы - 7,7 мың тонна).

Облыс құс өсірушілері тағамдық жұмыртқаның ірі экспортшылары бола отырып Астана мен облысымыздың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуде.

Астана базарларына 86,8 мың тонна сүт өнімдері немесе қажеттіліктің 45 пайызы, 20,9 мың тонна ет өнімдері - 50 пайыз, 217,5 миллион дана жұмыртқа - 100 пайыз жеткізілген.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде 2015 жылы жалпы құны 22,2 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде 11 астық сақтау қоймасы, құс шаруашылығы бойынша 2 жоба, сүтті мал шаруашылығы бойынша 1 жоба бар.

Соңғы жаңалықтар