USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысы алғашқы 800 тонна ұнды БАӘ-ге жеткізді

2018 жылғы 11 наурыз 18:09
Бөлісіңіз:
Ақмола облысы алғашқы 800 тонна ұнды БАӘ-ге жеткізді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы 800 тонна ұнның алғашқы коммерциялық партиясын Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізді. Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшісі Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Иғалидің мәліметі бойынша Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Дубайдың сауда-өнеркәсіптік палатасының штаб пәтерінде осы ұйымның басшысымен кездесті.

«Кездесуде Ақмола облысында шығарылатын ұнды БАӘ жеткізу мәселесі сөз болды. Қазақстандық 800 тонна ұнның (оның 640 тоннасы бірінші сорт және 160 тоннасы жоғары сорт) алғашқы коммерциялық партиясын «INTER TRADE» ЖШС ағымдағы жылдың осы наурыз айында жеткізді», - деп атап өтті М. Иғали.

Арабтардың пікірінше, ақмолалық ұн жоғары сапасымен ғана емес, экологиялық жағынан тазалығымен ерекшеленеді. Осы ретте, ақмолалық ұнның МЕМСТ 26574-85 және ИСО 9001-2009 стандартына сай болып отырғанын айта кеткен жөн.
null

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге келді. Алдағы уақытта қазақстандық ұнды БАӘ-не Ақмола облысындағы өзге де тауар өндірушілерде жеткізетін болады.

Еске салай кетейік, Дубайдың сауда-өнеркәсіптік палатасы 1965 жылы жергілікті бизнесті қорғау және қолдау мақсатында құрылған болатын. Сонымен қатар, Мәлік Мырзалиннің БАӘ сапары барысында Ақмола облысында инвестициялық парк құру мәселесі де сөз болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT