Ақмола облысы АҚШ компанияларымен әріптестік байланыс орнатпақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің орынбасар Марат Иғалиев АҚШ-тың «TYSON FOODS», «VALMONT» және «GLOBAL BEEF» компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және ауыл шаруашылығы саласы инфрақұрылымына қызмет ұсыну мәселелері талқыланды. Кездесуге қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен мал бордақылау алаңдарының басшылары, «KazBeef LTD» ЖШС, «Қазақинвест» ҰК» акционерлік қоғамы және KUSTO GROUP компаниялар тобының өкілдері қатысты.

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген АҚШ компанияларының өкілдері екіжақты әріптестікті дамытуға мүдделі. Шетелдіктерге облыстың мал шаруашылығын дамытуы және мал азығын өндіру саласының перспективалары туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов айтып берді.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде облыстың әлеуеті зор. Бұл жұмыстар өңірде 2010 жылдан бері үлкен жүйелі жүргізілуде. Сол жылы «Казбиф ЛТД» серіктестігі АҚШ-тан 1400 бас абердин ангус тұқымдас асыл тұқымды ірі қара әкелген еді. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері облысқа 12 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінсе, оның жартысынан астамы қашар. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер АҚШ-тың бизнес қауымдастығы өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын», - деп атап өтті Қасым Итқұсов.

Бүгінгі таңда облыста мамандандырылған мал бордақылау алаңдарының жүйесі жұмыс істейді. Оның қуаты 21,5 мың мал орнын құрайды. Қазір облыс аумағында жұмыс істеп тұрған мал бордақылау алаңдарын кеңейту және жаңасын салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылдың өзінде мал бордақылайтын кәсіпорындардың қуаты 13 мың басқа дейін кеңейту жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар