Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
2014 жылғы 19 маусым 14:15

Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі С.В. Кулагиннің 2014 жылғы 19 маусымдағы өкімімен Қадырхан Махмұтұлы Отаров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Отаров Қ.М. 1953 жылы туған, білімі жоғары, Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысы «Хлебодаровский» кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастады.

Бас зоотехник лауазымынан бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейінгі еңбек жолын өтті.

1994 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Кейін Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.

«Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, 4 мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Jańalyqtar

MURAǴAT