Ақмола облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ербол Жақсылықов Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ербол Жақсылықов Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Құтты болсын!», деп жазды Марат Иғалиев Facebook парақшасында.

Ербол Жақсылықов 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласы аппаратының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.

2004-2008 жылдары Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болды.

2017 жылдың қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып қызмет істеді.

Әр жылдары «Ақтау теңіз порты» АЭА дирекциясының директоры, «Есіл» ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы болған. Жеке кәсіппен айналысқан.

Соңғы жаңалықтар