Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде қамқоршылық кеңесі өтті.

Кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров кеңес мүшесінің құрамына кірді.

Қамқоршылық кеңестің басты мақсаты - білім беру процессіне қатысушылардың білім және тәрбие сапасын арттыру.

Кеңес барысында аталған университеттің 2015-2017 жылдарға арналған даму стратегиясы мақұлданып, қамқоршылық кеңестің биылғы оқу жылына жұмыс жоспары бекітілді.

Соңғы жаңалықтар