Ақмола облыстық театры Жұмабек Тәшенов туралы қойылымның арқасында Өскеменнен олжалы оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында өткен қазақ драма театрларының ХХІІІ республикалық фестивалінде Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің бейнесін сомдайтын қойылыммен қатысып, «Тарихи тұлғаны ұлықтағаны үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Көріністің авторы әрі қоюшы режиссері - Ерсайын Төлеубай.

Бұл жолғы республикалық фестивальға өр Алтай мен Атыраудың арасын кең жайлаған қазақ жерінің барлық өңірінен сегіз театр ұжымы қатысты. Театрлардың сахналаған дүниелеріне көрнекті театр және кино актері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов, режиссер Мұрат Ахманов, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы Әлия Бөпежанова, өнертану ғылымының докторы, театр сыншысы Бақыт Нұрпейісова, өнертану ғылымының кандидаты, доцент Амангелді Мұқан тәрізді білікті мамандар баға берді. - Киелі Көкше жерінен барған соң жауапкершілік те жоғары. Таланты мен талабы ұштасқан, ауызымен құс тістеген кіл жүйріктің арасында барымызды салып, бағымызды жандырдық, - дейді театр директоры Марал Жақыпова.

Соңғы жаңалықтар