Ақмола облыстық Тарихи-өлкетану музейінде үш инновациялық жобаның тұсауы кесілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту аясында Ақмола облыстық Тарихи-өлкетану музейінде үш инновациялық жобаның тұсаукесері өтті.

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен шара барысында жұртшылық Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың өмір және еңбек жолымен, қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісімен және тәуелсіз Қазақстанның ақша белгілерінің тарихымен танысты.

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметі бойынша, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени  шаралар 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында өткізілмек. Тарихи-өлкетану музейінде өткізіліп отырған бұл шара сол үш айлық бағдарламаның бастауы болып табылады.

Шараға қатысып, сөз сөйлеген тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қадыржан Әбуов музей ұйымдастырған инновациялық жобалардың маңыздылығын айта келе, әсіресе  туғанына 150 жыл толып отырған алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен еңбегін жас ұрпаққа насихаттайтын алғашқы жобаның маңызына тоқталды.

«Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Қазақ халқының тәуелсіз ел болуын армандап, бар өмірін соған арнаған Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сияқты ұлтымыздың ардақты ұлдарының асыл арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Келешек ұрпақ қазақ автономиясын құруға талпынып, сол жолда үлкен еңбек сіңірген алаштың ардақтыларын біліп өсуі қажет», - деді Қ.Әбуов.

Музей ұйымдастырған инновациялық тағы бір жоба - қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісі. Әр жылдары музейге азаматтардың тапсырған өткен ғасырлардағы ұлттық киімдер аз емес. Музей қызметкерлері киіп шыққан бұл киім үлгілерінің әсемдігі мен тартымдылығы өз алдына. Олар қымбат және таза табиғи материалдан тігілгендігімен де ерекшеленеді.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар еліміз Тәуелсіздігінің айшықты белгісі іспетті алғашқы ұлттық валютамыз - теңгенің шығу тарихынан сыр шертетін мұрағаттармен де танысты. 1993 жылы қараша айында айналысқа енген тұңғыш ұлттық валютамыздың дизайнын жасаған авторлары мен банкноттар туралы музей қызметкері жан-жақты әңгімелеп берді.

Осылайша Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мәдени-тарихи шаралар 15 желтоқсанға дейін өткізіледі деп жоспарланған.

null null null 

Соңғы жаңалықтар