Ақмола облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы А.Д.Жұмабековтің 23 қаңтардағы бұйрығымен Нұрлан Бақытжанұлы Жалғасбаев ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы болып тағайындалған болатын.

Нұрлан Бақытжанұлы 1980 жылы Қызылорда облысында туған. 2002 жылы Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетін «Экономика және менеджмент», 2016 жылы М.Нәрікбаев атындағы мемлекеттік заң университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 2008 жылдан басталады. Он жыл бойы әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы, бөлім бастығы, Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар